19 сәу, 2022 сағат 14:57

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды


Қызылорда облысында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ел біріншілігінде алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, ел біріншілігі ерлер мен әйелдер арасында өткізілуде. Жарыс жекелеген жаттығулар бойынша болады. 

Алты күн бойы спортшылар 20 салмақ бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Аталған жарыста ерлер 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96 келі салмақта жүлделерді сарапқа салады. Ал әйелдер 45, 49, 55, 59, 67, 71, 76, 81, 87, 87 келіден жоғары салмақта бақ сынайды.

Алғашқы жарыс күнінде әйелдер арасында 45 келіде Александра Беленко чемпион атанды. Одан кейінгі орындарды жамбылдық Айнұр Әбдіхалықова мен Алматы облысынан келген Альфия Гарифуллина өзара бөлісті. 

Ал әйелдер арасында 49 келіде қарғандылық Дарья Балабанюк, ақмолалық Айым Мұхаметжанова, қызылордалық Салтанат Қыпшақбай өзара бөлісті. 

Ерлер арасында 55 келіде шымкенттік Арли Чонтей жеңіс тұғырына көтерілді. Одан кейінгі орындар Алматы облысынан Анатолий Грубов мен Шығыс Қазақстан обылсының спортшысы Ерназ Алпысовқа бұйырды. 

Еске салсақ, ел біріншілігіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарынан 220-ға жуық спортшы жүлделерді сарапқа салуда. Жарыс 24 сәуірге дейін жалғаспақ.