04 мау, 2025 сағат 18:10

Ауылда миллион дозалық синтетикалық есірткі зертханасы табылды


Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағынды облысында миллион дозалық синтетикалық есірткінің зертханасы табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Аймақ полиция департаментінің мәліметінше, жасырын өндіріс Солтүстік-Батыс ауылы аумағында орналасқан. Тінту нәтижесінде алты тоннаға жуық прекурсорлар мен 35 килограмм дайын психотроптық заттар тәркіленді. Полицияның бағалауы бойынша, бұл көлем бір миллионнан астам дозаны өндіруге жеткілікті.

Шахтинск қаласының екі тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде үйде химиялық заттары бар 355 канистр, зертханалық жабдықтар, сору қондырғылары, индукциялық плиталар, респираторлар, сондай-ақ үш автомобиль тәркіленді.

Тергеу мәліметтері бойынша, көлік заңсыз мақсатта пайдаланылуы мүмкін.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер бұл операция нәтижесінде қылмыстық схемаға жаңа қатысушылардың, соның ішінде бейбіт тұрғындар арасында қатысудың алдын алуға болатынын айтты.

Ссинтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана "Қарасора-2025"арнайы операциясы кезінде анықталды.