09 сәу, 2025 сағат 15:44

Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған.

Тергеу жалғасуда.