#
#
Сенбі 23/01/2021

Ауруханаларды дәрілік заттармен үздіксіз қамту - Үкіметтің ерекше бақылауында - министр

  • 23.11.2020
  • 0
  • 168

Ауруханаларды дәрілік заттармен үздіксіз қамту Үкіметтің ерекше бақылауында тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Еліміздің медициналық ұйымдарын дәрілік заттармен үздіксіз қамту мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында тұр. Коронавирус инфекцисының орын алуы мүмкін жаңа толқынына дайындық аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында бірқатар шара қабылданды. Алдымен, COVID-19 бойынша дәрілік заттардың екі айға жететін қоры жасақталды. Атап айтқанда, коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттер саны айына 60 мыңға жеткен жағдайда стационарларды дайындау аясында дәрілік заттардың 44 атауы сатып алынып жатыр. Қазіргі уақытта COVID-19-ға арналған 44 дәрілік зат атауының 41-і сатып алынды», - деді министр IX Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі барысында. 

Сонымен қатар ол еліміздің барлық медициналық ұйымдарында үнемі толықтырылып отыратын айлық қор жасақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын баса айтты. 

«Осыған орай Бірыңғай дестрибьютер («СҚ-Фармация») жалпы сомасы 21 млрд теңгені құрайтын 91 дәрі атауын жөнелтті», - деді Алексей Цой.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар