10 қыр, 2021 сағат 19:45

Ауғанстаннан келген қандастардың ешқайсынан коронавирус табылмаған


Қазақстанға Ауғанстаннан келген қандастардың ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен жоқ.

Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті. 

"Келген 40 адамның 36-сы ПТР тест тапсырды. Талдау нәтижесі белгілі болды. Ешкімнен коронавирус анықталған жоқ. Барлығы теріс", - деді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов. 

Айта кетейік, кеше, 9 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстаннан 35 қандас тарихи отанына оралды.