#
#
Бейсенбі 03/12/2020

Әуежайдан қашып кеткен туристердің бірі – мемлекеттік қызметші

  • 23.10.2020
  • 0
  • 137

Мысырдан ПТР анықтамасыз ұшып келген және Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен екі тұрын 30 АЕК айыппұл төлейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді. 

«COVID-19-ға ПТР анықтамасы жоқ, Нұр-Сұлтан әуежайынан қашқан екі астаналық ұсталды және ПТР тест өткізу үшін карантиндік стационарға жеткізілді. Оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Аталған тұлғалар – Шарм-эль-Шейхтен келген жұбайлар болып табылады, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметшісі», - деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында

Бұған дейін 329 қазақстандық елге ПТР анықтамасыз ұшып келгені және екі астаналықтың әуежайдан қашып кеткені хабарланған еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар