Із-түссіз жоғалған аргентиналық футболшы Эмилиано Саланың мәйіті батып кеткен ұшақтан шығарылып, Британияның Портленд қаласына жеткізілді.
Ақпаратты Дорсет графтығының полициясы растады, деп хабарлады Sputnik Р-спорт агенттігіне сілтеме жасап. Трагедияны тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ұшақтың өзі дүйсенбі күні табылған.
Эмилиано Сала мен ұшқыш отырған жеңіл қозғалтқышты ұшақ 22 қаңтарға қараған түні радардан жоғалып кеткен. Әуеде спортшы ұшақ құлайын деп жатқанын және қатты қорқып отырғанын жазған.
1990 жылы туған Сала бұған дейін Францияның "Нант" футбол клубында ойнаған, қаңтарда "Кардифф" футбол клубына ауысып, Ұлыбританияға ұшып шыққан беті екен.
Полиция бортта аман қалу мүмкін емес екенін айтып, әуе кемесін іздестіруді тоқтатқан. Іздестіру-құтқару операциясы қайырымды жандардың қаржысымен жалғасын тапты. Олардың арасында "Париж-Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе мен "Марсель" жартылай қорғаушысы Димитри Пайет болды.
Ұшақ Ла-Манш бұғазының түбінен табылды.
sputniknews.kz