08 нау, 2025 сағат 13:39

Ауа райына байланысты сегіз облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді


Фото: Абай облысы ПД


2025 жылғы 8 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 8 облыстағы 10 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.


Абай облысы:


- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жетісу облысы шекарасы - Аягөз қаласы);


- «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Таскескен ауылы - Ұржар ауылы);


Алматы облысы:


- «Алматау турбазасына кіреберіс» автожолының 0-15 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Тұздыбастау ауылы - Бесқайнар ауылы);


Атырау облысы:


- «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы - Махамбет ауылы);


Жамбыл облысы:


- «РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Айша бибі ауылы - Туркістан облысы шекарасы);


- «РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» автожолының автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Отар ауылы - Қайнар ауылы);


Жетісу облысы:


- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 558-615 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Үшарал қаласы - Абай облысы шекарасы);


- «Сарызек-Көктал» автожолының 45-68 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Алтын Емел асуы);


Қостанай облысы:


- «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасы - Арқалық қаласы);


Ұлытау облысы:


- «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау ауылы - Қостанай облысы шекарасы);


Түркістан облысы:


- «РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» автожолының автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жамбыл облысы шекарасы - Тұрар Рысқұлов ауылы);


Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 326 арнайы техника мен 545 маман жұмылдырылды.


Осыған дейін ауа райына байланысты Алматы облысында жол жабылғанын хабарладық.