17 шіл, 2020 сағат 17:12

Ауа райы: Қазақстанның төрт өңірінде ескерту жарияланды

18 шілде күні Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Өңірде 35 градус ыстық күтіледі.

18, 19 шілдеде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, найзағай жарқылдайды.

Дабылды ескертулердің ықтималдылығы 90-95%.