Фото: instagram.com
Трансгендер Амилай ұсақ бұзақылық үшін істі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын трансгендердің Алматыда белгісіз жігіттермен төбелескен видеосы тараған еді.
Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 5-те Алматыдағы Абай-Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Трансгендер балағат сөздер айтып, жігіттерге жұдырық ала жүгірген, ал оның соңы төбелеспен аяқталған.
Полиция ұсақ бұзақылық үшін іс қозғады.
Сотта Амилай өзінің кінәсін мойындады және болған оқиғаға өкінетінін айтты. Алайда танымайтын жігіттер оны бірінші болып қорлап, балағат сөздер айтқанын да жеткізді.
Нәтижесінде трансгендер жеті тәулікке қамауға алынды. Ол 11 желтоқсан сағат 17:50-ден бастап есептелінеді.