#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Атырауға коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

  • 15.07.2020
  • 0
  • 125

14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Атырауға медикамент тиелген жүк ұшағы келіп қонды, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кеше мелекеттің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізілген болатын. 3 тонна көлеміндегі препараттар Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруын «Теңізшевройл» компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл жетекізілді. Қазіргі кезде уақытша тапшы болып тұрған 15 түрлі дәрі-дәрмек дәріханалар желісіне таратылады. Өйткені, Атыраудағы емдеу мекемелері қажетті медикаментпен 94%-ға қамтамасыз етілген.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасымен аймақта дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше, дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді» - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.

Дәріханаларға медикаменттерді жеткізу жұмысы бүгін басталады. Сонымен бірге, осы жұма күні медикаменттің тағы бір партиясы жүк көлігімен жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты жалғаса береді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар