Атырауға шетелден ұшып келген 240 жолаушыдан коронавирус инфекциясы табылмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 26 қазан - 1 қараша аралығында «Ыстанбұл-Атырау», «Амстердам-Атырау» бағытымен 3 халықаралық авиарейс ұшып келген.
«Халықаралық әуе рейстерімен 240 жолаушы келді. Олардың арасында 4 жолаушыда коронавирус инфекциясына ПТР-тест анықтамасы болмады. Сондықтан, олар карантиндік стационарларға жатқызылды. Алайда, барлық жолаушыдан коронавирус инфекциясына сынама алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Зерттеу нәтижесінде жолаушылардың ешбірінен қауіпті инфекция табылған жоқ. Сол себептен, жолашылар үйлеріне жіберілген.