Атырау қаласының сол жағалауында үш күн табиғи газ берілмейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Интергаз Орталық Азия» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8-11 қыркүйек аралығында облыс орталығының сол жағалауы табиғи газдан ажыратылады. Бұл «Атырау» ГТС-1-де жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.
Жайық өзені арқылы өтетін теміржол көпірінен бастап қала маңындағы Дамба ауылына дейінгі аралықта газ болмайды.