13 шіл, 2020 сағат 18:26

Атыраудан Нұр-Сұлтанға қатынайтын пойыздар уақытша жүрмейді

Атырау қаласынан жолаушылар пойызының жол жүруі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік комиссияның 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігердің 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде жаңа шешім қабылданды. 

«Атырау - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы 13 шілдеден бастап - Атыраудан, 15 шілдеден бастап - Нұрлы жолдан жол жүруін уақытша тоқтатады. Аталған пойызға бұрын билет алған жолаушылар құжатын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады. Билет ақшасын қайтару қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі» делінген хабарламада. 

Жолаушы пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөміріне хабарласып білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, коронавирус пандемиясының таралу кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.