09 шіл, 2021 сағат 15:45

Атырауда жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 160 адам қайтыс болған


Атырау облысында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 160 адам қайтыс болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың

айтуынша, қайтыс болғандардың орташа жасы – 67.

«Соңғы он күнде өңірде өлім көрсеткіші 50%-ға өсті. Ал жыл басынан бері Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 160 адам қайтыс болды. Олардың дені–созылмалы ауруы бар егде жастағы адамдар», - дейді Қайсар Абдалиев.