06 там, 2021 сағат 14:22

Атырауда жол апатынан кәмелетке толмаған жүргізуші мерт болды


Атырау облысында жол апатынан кәмелетке толмаған жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты бүгін, 6 тамызда сағат 5:00 шамасында болған. 

«Атырау - Доссор» бағытындағы жол бойында 52 жастағы азамат басқарған «КамАЗ» бен 17 жасар бозбала жүргізген «ВАЗ-21015» көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кәмелет жасына толмаған жүргізуші мерт болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.