10 қар, 2021 сағат 13:46

Атырауда жеке тұрғын үйде жылу қазандығы жарылды


Атырауда жеке тұрғын үйде жылу қазандығы жарылды. Үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарылыс бүгін, 10 қарашада түнгі сағат 1:24-те болған. 

«Атырау қаласының Балауса шағын ауданындағы №24 көшеде орналасқан жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту қазандығында газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Жарылыстың салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранды. Тұрғын үйдің төбе жабындысы мен бөлмелері толықтай өртеніп кетті. Өрт сағат 2:15-те оқшауланып, сағат 2:40-та өшірілді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынның салдарынан 3 адам – 19 жастағы екі жігі пен 22 жастағы бойжеткен зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге департаменттің құтқару қызметінен 16 қызметкер мен 6 техника, жедел жәрдем бригадасы 9 адам мен 3 техника, облыстық полиция департаментінен 8 адам және 3 техника жұмылдырылды.