Атырауда Жайықтағы көпірден секірген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға кеше, 16 шілдеде сағат 22:45 шамасында болған.
Жайық өзеніне көпірден секірген 30-35 жас шамасындағы ер адам көз жұмды.
«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
