24 мау, 2021 сағат 13:51

Атырауда Жайық өзенінің жағалауы жанып жатыр


Атырау қаласында тағы да Жайық өзенінің жағалауы жанып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық төтенше жағдайларлар департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. 

Жайық жағалауы маусым айы басталғалы бері 4 мәрте өртенді. 

Департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін, 24 маусымда жергілікті уақытпен сағат 11:14-те Жайық өзенінің жағалауы өртенгені туралы хабар түскен. 

«Жайық өзенінің «Тұрғын үй қалашығы» шағынауданындағы жағалауында құрғақ бұталар мен қамыс қопасы өртенген. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.