11 там, 2021 сағат 23:59

Атырауда Жайық өзенінің үстіндегі көпірдің бірі жабылады


Атырау қаласында Жайық өзенінің үстіндегі көпірдің бірі жабылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 тамызда жөндеу жұмыстарына байланысты «Балықшы-Жұмыскер» бағытындағы көпірде автокөлік қозғалысын тоқтату көзделген. 

«Жөндеу кезінде көпір құрылымының деформациялық қосылыстарын демонтаждау және ауыстыру, сондай-ақ, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жамау жоспарланып отыр. Қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Құнанбаев көшесінен бастап «Балықшы-Зарослый» бағытымен қатынайтын тас жолда автокөлік қозғалысы тоқтатылады. Осы орайда, автокөлік жүргізушілері қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет» - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.