19 нау, 2025 сағат 11:29

Атырауда ұлттық киімдер шеруі өтті

Наурызнаманың онкүндігі аясында ұйымдастырылған мәдени іс-шараға 3 мыңнан аса тұрғын қатысып, шеру жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты, деп хабарлайды Ult.kz.

Айта кетейік, мұндай шеру Атырауда екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алғашқысы 2023 жылы Рәміздер күніне орай өткен.