01 қыр, 2020 сағат 20:39

Атырауда салмағы 118 кг болатын балық ауланды

Атырауда салмағы 118 келі қортпа балығы бекіре зауытына тапсырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

31 тамызда «Амангелді» атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қортпа балығын аулады. Бекіре тұқымдас балықтар тобына жататын алып қортпа «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды. 

«Әлемде бекіре тұқымдас бағалы балықтар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Сол себептен, табиғи қоры азайған мұндай балықтар тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады» -деп хабарлады өңірлік коммунткациялар қызметі.