15 қыр, 2023 сағат 15:24

Атырауда рұқсатсыз жұмыс істеген 19 шетелдікке 86 мың теңгеден айыппұл салынды

Фото: Polisia.kz

Атырау облысының Махамбет ауданында рұқсатсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 19 азаматының әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Махамбет аудандық сотында шетелдіктер тарапынан әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 19 әкімшілік іс қаралды. Өзбекстан Республикасының азаматтарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік айып тағылған.

«Сот анықтағанындай, Өзбекстан Республикасының азаматтары жергілікті атқарушы органнан еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алмастан Махамбет ауданында құрылыста, шаруа қожалығында, көлік жөндеу орталығында, асханаларда жұмыс істеген. Өзбекстан Республикасының 19 азаматы кінәлі деп танылды. Сот қаулысымен шетелдіктердің әрқайсысына 86 мың 250 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды», -деп хабарлады Махамбет аудандық сотынан.

Сот қаулылары заңды күшіне енді.