#
#
Сенбі 23/01/2021

Атырауда құстардың неден қырылғаны белгілі болды

  • 25.11.2020
  • 0
  • 165

Атырауда құстардың неден қырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, біз бұған дейін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында құс қырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Суқұзғын мен шағала өлексесінен алынған зертханалық сынама қорытындысы құстардың пастереллезге шалдыққанын көрсетті. 

«Бұлар – көктемде Каспий теңізінің жағалауында ұя салып, балапан өргізетін құстар. Бұл құстарда пастереллёз инфекциясы анықталды. Енді оның адамға әсері туралы алдағы уақытта қорытынды жасалады» дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев.

Оның айтуынша, қырылған құстың саны 150-ге жеткен. Осыған байланысты резерват аумағындағы су, топырақ пен ауадан алынған сынамада ауытқу болмаған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар