Атырауда көпірден секірген жасөспірім қыздың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көпірден Жайық өзеніне секірген қыз ауруханада жатыр. Оның жасы – 14-те.
«Дәрігерлер жасөспірім қызға гипоксикалық-ишемиялық энцефалопатия диагнозын қойған. Мидың ісіну қаупі туындап отыр. Аспирациялық пневмонияның асқыну қаупі бар. Қазір ауруханада жатқан жасөспірімнің жағдайы ауыр», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.