#
#
Жұма 18/09/2020

Атырауда із-түзсіз кеткен жылқышының денесі терең шұңқырдан табылды

  • 14.09.2020
  • 0
  • 62

Атырау облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышыны өлтірген күдіктіні ұстап, қоғамда дау туғызған қылмысты ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін 6 қыркүйекте Жылыой ауданының 47 жастағы тұрғыны жылқыларын іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Аталған факті бойынша Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау үшін полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер далалық аумақты аралап, іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

«Бүгін, 14 қыркүйекте полиция қызметкерлері Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңы маңында 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан жоғалған азаматтың өлі денесін тапты. Осы дерекке қатысты сараптама тағайындалды. Аталған қылмысқа күдікті Жылыой ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті бұрын сотталған. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу кезінде қылмыстың себебі анықталады» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар