08 жел, 2020 сағат 13:10

Атырауда инфекциялық төсек-орын саны 1570-ке дейін ұлғаяды

Атырауда коронавирустың екінші толқыны басталса, инфекциялық орындар саны 1570-ке дейін ұлғаяды, деп хабарайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанованың айтуынша, қазір өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты 520 инфекциялық орын жұмыс істеп тұр. 

Оның ішінде 315 инфекциялық кереует Теңіз кенішінде ашылған.

«Бүгінгі таңда Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 174 адам ем қабылдауда. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 38 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Екінші толқын басталар болса, инфекциялық орындар санын 1570-ке дейін ұлғайту, реанимациялық төсек-орынды 90 кереуетке дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде Теңіз кен орнында қосымша 400 инфекциялық​ орын ашу көзделуде» дейді Нина Оспанова.

Оның айтуына қарағанда, пандемияның бірінші толқынында облыста 1170 инфекциялық орын ашылған.