Атырау қаласының тұрғындары төрт түліктің көше кезіп жүретіні туралы бірнеше рет шағымданған еді. Ал бүгін Іnstagram желісінде иесіз жүрген жылқының дәмхана әйнегін тепкілеп тұрғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Желі қолданушыларының пікіріне сүйенсек, бұл оқиға Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында болған. Ал, дәмхана моноқаланың 3-шағын ауданында орналасқан. Сол кезде дәмхананың жұмыс істегені, не жабық тұрғаны белгісіз.
Видеоға байланысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Алайда шаһар көшелерін кезген жылқының иесі әлі табылмаған.