17 мау, 2024 сағат 11:21

Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін подъезде пышақтаған


Атырауда ер адам подъезде әйелде пышақтап кетті. Ол әйелдің шыққанын күтіп тұрып, оған пышақ жарақатын салған. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" "Не молчи" қоғамдық қорына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел супермаркетте жұмыс істейді екен және кіреберіс арқылы дәретханаға шыққан. Сол жерде оны бұрынғы жігіті аңдып, пышақпен күтіп тұрған. Әйел шыққан кезде оған шабуылдап, бірнеше рет пышақ сұққан. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. 

Атырау облыстық полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді. 

"9 маусымда Атырауда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 33 жастағы әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды", – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.


Департамент басқа ақпарат жариялануға жатпайтынын мәлімдеді.