Атырауда электр бағанасында ток соққан монтер қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқыс оқиға кеше, 25 тамызда сағат 14:30 шамасында Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында болған. Электр бағанасына шығып, желіні жөндеген 59 жастағы монтерді ток соққан. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.