Атырауда екі көлік соқтығысып, жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 9 қыркүйекте болған.
«Бүгін сағат 07:50 шамасында «Атырау-Орал» бағытындағы күре жолдың 57-шақырымында «Тoyota Prada» мен «Skoda Rapid» көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында «Skoda Rapid» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.