Атырауда демалыс күндері базарлар мен дәмханалар, сауналар жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысымен сенбі мен жексенбіде жұмыс істемейтін бірнеше нысан белгілі болды.
Оның ішінде азық-түлік сататын жабық және азық-түліктік емес жабық және ашық базарлар, «Аshyq» жобасына қатысатынына қарамастан сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтары, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, спорт кешендері, фитнес орталықтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру, спорт және жаттығу залдары бар. Бұлардың қатарына сауналар, СПА орталықтары мен бассейндер де кіреді.
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға, соның ішінде жазғы алаңқайларға сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде
Ал, азық-түлік сататын ашық базарларға жұмыс күндері және сенбіде сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеуге рұсат берілген. Тек жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынған.
Жаңа қаулы 17 шілдеде күшіне енеді.
