Атырау халықаралық әуежайынан ұшқан АН-12 ұшағынан қара түтін шыққан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кеше әлеуметтік желіде Атырау халықаралық әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын. Онда ұшақ артынан шыққан қара түтінді байқауға болады. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейін әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.
«Ұшу режимінде отын қоспасынан әдеттегі байып кетеді. Соның салдарынан қою түтін пайда болған. Бұл – қалыпты жағдай, совет дәуірінде шығарылған ұшақтың барлығында бар. Ұшақ қалыпты биікке жоғарылағаннан кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдауға еш себеп жоқ», - деді Андрей Ким.