27 қаз, 2020 сағат 11:37

Атырауда әлем чемпионы Бекзат Нұрдəулетовтің алғашқы кəсіби жекпе-жегі өтеді

31 қазанда Атырауда әлем чемпионы Бекзат Нұрдəулетовтің алғашқы кəсіби жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық бокс федерациясына сілтеме жасап.

Оның қарсыласы - Танзания елінен келген 28 жастағы Ибрахим Маокола. 

Сенбі, 31 қазан күні Атырауда «Suleimen Promotions» компаниясының бокс кеші өтеді. Шара аясында кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін қазақстандық үш боксшы өткізеді. Олар: 2019 жылғы жеңіл салмақтағы әлем чемпионы - Бекзат Нұрдәулетов, Данила Семенов және 2017 жылғы Азия вице-чемпионы - Абылайхан Жүсіпов. 

Турнирге әлемнің басқа елінен келген спортшылар да қатысады. Жекпе-жек 6 раундқа есептелген.