29 шіл, 2021 сағат 15:59

Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды


Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 28 шілдеде сағат 12:00 шамасында 71 жастағы зейнеткерді тонап кеткен. 

«Белгісіз ер адам зейнеткерді жерге құлатып, телефонын тартып алған. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті азаматты ұстады. Күдікті Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір зейнеткерді тонаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.