Атырауда 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, шетелдік Атырауға ақпан айының басында келген.
«Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 1987 жылғы азаматын ұстады. Халықаралық іздеудегі күдікті Ішкі істер министрлігінің тұрақты мониторинг жүргізілетін көші-қон ақпараттық базасы арқылы анықталған. Өзбекстандыққа 2011 жылы Ресей Федерациясы федеральдық қауіпсіздік қызметі РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабының 1-бөлігімен іздеу жариялаған», - дейді Нұрхат Оразбаев.