#
#
Жексенбі 09/08/2020

Атырауда 145 дәріханаға ең қажетті дәрі-дәрмек таратылып берілді

  • 13.07.2020
  • 0
  • 218

Атырау облысындағы 145 дәріханаға ең қажетті дәрі-дәрмектер бөлінді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бас санитар дәрігердің айтуынша, Атырау облысындағы 314 дәріхананың 223-і Атырау қаласында орналасқан. Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен уақытылы қамту үшін 7 шілдеде «Инкар» ЖШС қоймасына 220 млн теңгенің 430 түрлі дәрі-дәрмегі жеткізілген. Оның ішінде азитромицин, цефазолин, цефтриаксон, сондай-ақ, қызу түсіретін дәрілер бар. 

«Өңірдегі 145 дәріханаға 13 шілдеде ең қажетті дәрі-дәрмек бөлінді. Күн сайын дәріханаларда дәрі-дәрмектің бар-жоғына мониторинг жүргізіледі. Дәрі бағасының тұрақтылығы мен бір адамға берілетін нормасын сақтау үшін облыстық әкімдік, «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігі және Атырау облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, дәрілік препараттардың бағасына бақылау жүргізу үшін тиісті департамент өкілдерінен мобильді топтар құрылды» - деді Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар