29 шіл, 2021 сағат 14:40

Атырау стационарларының жансақтау бөліміндегі жүктеме 70 пайыздан асты


Атырау стационарларының жансақтау бөліміндегі жүктеме 70,2%-ға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, инфекциялық стационаларда қауіпті вирусқа шалдыққан 1 444 науқас емделіп жатыр. 

«Өңірде 2 922 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарлардағы жүктеме 49,4%-ды құрады. Стационарлардың 114 орындық жансақтау бөлімінде коронавируспен ауырып, жағдайы нашарлаған 80 науқас оқшауланды. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір жансақтау бөліміндегі жүктеме 70,2%-ға жетті» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.