Фото: МВД
Қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында жергілікті мектепті бітірген.
Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған жігіт. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлады полиция департаменті.