Атырау облысында коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан 101 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, өңірдегі 3 012 орынға есептелген инфекциялық стационарларда 1 568 науқас қауіпті вирустан емделіп жатыр.
«Қазір стационарлардағы жүктеме 52%. Инфекциялық стационарлардың 114 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 101 науқас оқшауланған. Оның ішінде 11 пациент өкпені жасанды желдету апппаратына қосылды. Мұндағы жүктеме 82,1%-ға жетті» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.