28 шіл, 2021 сағат 11:41

Атырау облысында шекарашылар 50 мың түп қарасора өртеді


Атырау облысында шекарашылар 50 мың түп қарасора өртеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің Құрманғазы ауданындағы қызметкерлері Сафон ауылдық округінің аумағында 3 гектарға өсірілген есірткі алқабын анықтаған. 

«Есірткі алқабында 50 мың түп қарасора өсімдігі өсірілген. Бұл бейжай қарайтын жайт емес. Әсіресе, 20-35 жас аралығындағы жастардың есірткі өнімдеріне қызығушылық танытуы түйткілді мәселе айналып отыр. Құрманғазы ауданында есірткі өнімдерін сатуға қатысты 6 қылмыс тіркелген. Сол себептен, есірткі өнімдерін тамырынмен жойып, контрабандалық қылмыстардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді»,- дейді Шекара қызметі Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Өмірбат Айтәлі.