06 шіл, 2021 сағат 16:26

Атырау облысында пойыз қуған бір топ адамның видеосы тарады


Атырау облысында әскерден сарбазды күтіп алуға жиналғандар қозғалыс үстіндегі пойызбен жарыса жүгірген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, бұл оқиға 4 шілдеде Қызылқоға ауданындағы Сағыз стансасында болған. 

Сағыз стансасындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Болатбек Іңірбайдың мәліметінше, жергілікті жастар әскерден оралған сарбазды күтіп алуға жиналған.

«Пойызбен жарыса жүгірген жастар аудан орталығынан, өзге елді мекендер мен округтегі 3 ауылдан келген. Олар пойыз тоқтағанша шыдамсыздық танытқан» - дейді Болатбек Іңірбай.

Оның айтуынша, Сағыз ауылының 18-19 жастағы екі тұрғыны вагон есігінің басқышына мініп алған. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 560-бабымен (Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынды.