Фото: Polisia.kz
Атырау облысында мал ұрлаған жігіт 7 жылға сотталды. Жедел іздестіру нәтижесінде Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғыны қолға түсті. Ол 3 айда 14 мәрте ұрлық жасап, 34 ірі қараны қолды қылған, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Осылайша мал иелеріне 5 млн теңге шығын келтірген. Ірі қараны сату үшін әлеуметтік желіге хабарландыру жариялап отырған. Оны сатып алған тұрғындар да анықталды.
"Жедел іздестіру шаралары кезінде ұялы телефондарынан ұрланған малдың фотосуреттері және малды сатып алған Құлсары қаласының тұрғынынан заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 188-1 3 бабымен мал ұрлау фактісі бойынша іс сотқа жолданды", - деді ПД КПБ аға жедел уәкілі Бауыржан Оңдасын.