#
#
Жұма 30/10/2020

Атырау облысында қанша бала коронавируспен ауырды

  • 22.09.2020
  • 0
  • 159

Атырауда балалар коронавирус жұқпасын жеңіл түрде өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пандемия кезінде Атырау облыстық балалар ауруханасында жоспарлы ем алғандар ішінен алпысқа жуық баладан короновирус анықталған. 

«Короновирус инфекциясы анықталған алпысқа жуық баланың 18-інде covid-19 симптомы болған. Оның 13-і дер кезінде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бес бала вируспен қоса туабітті және созылмалы ауруы болғандықтан балалар ауруханасында емделді» деп мәлім етті басқармадан. 

Қалған қырықтан астам балада короновирустың симптомсыз түрі болғандықтан, оларды жергілікті емхана дәрігерлері бақылауда ұстады. 

Қазіргі уақытта балалардың дені сау, сынама нәтижесі «теріс» көрсетіп отыр. 

«Қазір короновирус жұқпасымен ем алып жатқан бала жоқ» дейді Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Айгүл Сүндетова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар