24 шіл, 2021 сағат 15:02

Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті


Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Құрманғазы ауданында болған.

«Құрманғазы ауылында 22 шілдеде сағат 16:40-та екі қабатты дұкеннің өртенгені туралы хабар түсті. Жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Дүкеннің 800 шаршы метр аумағын шарпыған өрт сағат 18:10-да сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.