24 мау, 2021 сағат 18:36

Атырау облысында бір күнде 1500 жуық адам вакцина салдырды


Атырау облысында бір күнде 1433 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 маусымда «Спутник V», «Qazvac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1 433 адам алған. 

«Екпе алғандардың арасында 71 медқызметкер, 82 педагог, 18 студент, арнайы мекеменің 8, құқық қорғау органдарының 13 өкілі бар. Сондай-ақ, 8 мемлекеттік қызметші, түрлі созылмалы ауруы бар 78 адам, 1 155 жергілікті тұрғын вакцина салдырды. Биылғы 1 ақпан-23 маусым аралығында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 74 875 адамға жетті. Вакциналардың II компонентін 38 695 адам кетірді» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.