19 ақп, 2022 сағат 15:05

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры қамауға алынды


Қаржы мониторингі агенттігі Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Атырау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға және басқа тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-нің қажеттіліктері үшін жабдықтар сатып алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 16 ақпанда Ш.Данбай Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген АФМ Telegram-арнасындағы хабарламада.

Агенттік тергеу жалғасып жатқанын және өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін атап өтті.