10 сәу, 2020 сағат 18:00

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрттің шығу себебі белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін түсте Атырау мұнай өңдеу зауытында баяу кокстеу қондырғысында 10 шаршы метр аумақта насос өртенді. Өрт толығымен сөндірілді, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп мәлім етті Атырау облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен. 

Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында құрылғылардың бірінен өрт шыққаны хабарланған болатын.