02 қар, 2020 сағат 12:00

Атырау мұнай өңдеу зауыты зиянды қалдықты қоршаған ортаға тастаған

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық тасталғаны анықталды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атырау облыстық экология департаменті жергілікті қоғам өкілдерімен бірге Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық тасталғаны анықталды» делінген хабарламада. 

Жылдам әрекет ету мақсатында облыстық экология департаментінің зертхана-сараптама бөлімі қалдықтардан сынама алды. Алынған сынама әрі қарай анализ жүргізуге жіберілген.