11 жел, 2017 сағат 04:44

Атырау мұнай өңдеу зауыты өртеніп жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт тұтанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Өрт қанша аумақты шарпығаны туралы мәлімет әзірше жоқ. ТЖД-дегілердің айтуынша, қазіргі кезде  жеке құрамның 50 өрт сөндірушісі мен 10 техникасы тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

«Атырау МӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі кейінірек толыққанды ақпарат беретінін мәлімдеді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қондырғылардың бірі отқа оранған.